Бағдад Эрдоғаннан Ирактың ішкі істеріне араласпауды талап етті
(last modified Fri, 21 Apr 2017 12:14:52 GMT )
Сәу 21, 2017 18:14 Asia/Almaty
  • Бағдад Эрдоғаннан Ирактың ішкі істеріне араласпауды талап етті

Ирак Премьер-министрінің кеңсесі бейсенбі күні мәлімдеме жариялап, сәрсенбі күнгі Түркия Президентінің Ирактың халықтық күштеріне қарсы негізсіз сөздеріне реакция білдіріп, Анкараның Ирактың ішкі істеріне араласпауын талап етті.

«Фарс» ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша Ирак Премьер-министрі Хайдер әл-Абадидің кеңсесі бұл мәлімдемеде: «Әл-Хашд әш-Шааби күштері Ирактың басқа күштерімен бірге ДАШ лаңкестік топтарының бақылауына түскен Ирактың аймақтарын босатуға қатысып, маңызды жеңістерге жетті»,- деді.

Түркия Президенті Реджеп Тайып Эрдоған  сәрсенбі күні лаңкестерді қолдап, Ирактың әл-Хашд әш-Шаабиды лаңкестік ұйым деп атады.

Ирак Сыртқы істер министрлігі де Түркия Президентінің әл-Хашд әш-Шаабиге қарсы сөздеріне наразылық білдіріп, Бағдадтағы Түркия елшісін шақыртып, наразылықтарын жариялады.

 

 

Тегтер