ИСИМ-нің Ирактың Киркук облысына жасаған химиялық шабуылы айыпталды
Нау 12, 2016 22:54 Asia/Almaty
Ирак парламентінің төрағасы ИСИМ тобының осы елдің солтүстігіндегі Киркук облысына жасаған химиялық шабуылын айыптады.
Ирак парламентінің төрағасы Сәлим әл-Джабури ИСИМ-нің Киркук облысының Тазе аймағына жасаған химиялық шабуылын апатты деп сипаттап, әлемдік қоғамдастықтан ИСИМ тәкфирлік лаңкестеріне химиялық қару жеткізілімінің алдын алу үшін талпыныс жасауды талап етті. Әл-Джабури сондай-ақ Салахуддин, әл-Анбар және Киркук облыстарын азат ету үдерісін жылдамдатуды талап етті.
ИСИМ тәкфирлік лаңкестері соңғы бірнеше күнде Киркуктегі Тазе аймағын улы газдармен шабуыл нысанасына алды.
Тегтер