Израиль лаңкестерді қолдау мақсатында Сирияға шабуылдарын жалғастыруда
Израиль режимінің Сирияның оңтүстік-батысында орналасқан әл-Канитара облысының Хан-Арнабе қалашығы маңындағы әскери позициялардың біріне жасаған шабуылынан бір апта өткен соң бұл режим тағы да Дамаск әуежайы маңындағы Сирияның келесі бір әскери позициясын нысанаға алды.
Израильдің Барлау министрі сионистік режимнің радиосына берген сұхбатында: «Израиль Ливанның Хезболласына дамыған қару-жарақ тасымалдау жобалары жайлы ақпарат алған кезде іске кірісетін болады»,-деген уәж айтты. Израильдік министрдің айтуынша, Нетаньяху сионистік режимнің армиясына осы аяда қалаған кезінде Сирияға шабуыл жасауға бұйрық берген.
Израильдің қару-жарақтары Сирияның әртүрлі аймақтарында лаңкестердің ықтиярына берілген жағдайда, тіпті израильдік офицерлер Сирияның кейбір аймақтарында лаңкестерді басқаруды қолдарына алған жағдайда бұл уәждер Израильдің Сирияға зымырандық шабуыл жасауына әкеліп соқтырды. Әртүрлі уәждер жобалау Израиль мен АҚШ-тың Сирияға әскери араласуының сылтауына айналды. Бұдан бұрын АҚШ 2017 жылдың 7 сәуірінде «Сирия армиясы Хан-Шейхунда химиялық қару қолданды» дегенді сылтауратып, осы елдің Хомс ауданындағы әуе базасын 59 зымыранмен атқылады.
Израиль мен АҚШ-тың Сирияның әскери позицияларына алдын ала жоспарлаған зымырандық шабуылдарында бір ортақ мақсат бар. Ол Израиль мен АҚШ-тың қолдауындағы тәкфиршіл лаңкестермен соғыстың алғы шебінде жүрген сириялық күштерді әлсірету болып табылады. Сирия армиясы Ливан Хезболласы күштерімен бірге және ИИР-ның әскери кеңесшілерінің көмегімен лаңкестерді жеңіліс жолына салып, жауынгерлік рухынан айырды. Осы тақырып Израильдің Сирияның әскери позицияларына үсті-үстіне шабуыл жасауына себеп болып отыр. Израильдің Сирияға шабуылдарымен бір мезгілде осы елде жараланған лаңкестер басып алынған Голан жотасы арқылы Израильге өтіп, сондағы ауруханаларда емделіп жатыр.
Израиль офицері Томар Кулердің айтуынша, жараланған лаңкестерді сионистік режимнің ауруханаларында емдеу 2014 жылдан басталған, осы күнге дейін Сирияда жараланған 3 мыңға жуық лаңкес Израильдің емханаларынан емделіп шыққан.
Израиль режимінің Сирияға қатысты қазіргі қатынасы бұл режимнің лаңкестердің рухын көтеру үшін олармен әріптестіп, үйлесе әрекет етіп отырғанын көрсетеді. Алайда Сирия армиясы баса айтқандай, Израильдің зымырандық әрекеттері сириялық күштердің лаңкестікпен күрес және оны жою жолындағы ерік-жігеріне ықпал ете алмайды.
Сионистік режим мен АҚШ-тың Сирияның егемендігі мен аумақтық тұтастығын бұзуы БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гуттериш тарапынан Сирияның заңды үкіметінің әлемде бейбітшілік пен қауіпсіздік орнатудағы рөліне сеніп, құрмет көрсету қажет екені айтылған жағдайда жалғасып жатыр. Сионистік режимнің бір тәуелсіз ел және БҰҰ-ның мүшесіне үсті-үстіне шабуыл жасауы халықаралық заңдарды бұзу болып табылады. Израильдің Сирияда соғыс жүргізу саясаты тек лаңкестерді қолдау аясында ғана түсіндіріледі.