Ердоған Иранға қарсы жалған уәждерін қайталады
Түркия Президенті Иранға қарсы жалған уәждерін қайталап, Иракта «парсылардың ықпалының таралуы» деп атаған мәселемен күресу қажеттігін қуаттады. Режеп Тайып Ердоған Стамбұлда «Атлантикалық кеңес» деп аталатын пікірталас орталығында сөйлеген сөзінде осы жалған уәждерді қайталай келіп: «Иракта діни фанатизмге негізделген «парсы» ықпалын тарату саясаты бұл елді күн өткен сайын сағат қойылған бомбаға айналдырып келеді»,-деп сөзін жалғады.
Түркия Президенті Иранға қарсы жалған уәждерін қайталап, Иракта «парсылардың ықпалының таралуы» деп атаған мәселемен күресу қажеттігін қуаттады. Режеп Тайып Ердоған Стамбұлда «Атлантикалық кеңес» деп аталатын пікірталас орталығында сөйлеген сөзінде осы жалған уәждерді қайталап: «Иракта діни фанатизмге негізделген «парсы» ықпалын тарату саясаты бұл елді күн өткен сайын сағат қойылған бомбаға айналдырып келеді.
Біз қазір осы саясатты тоқтату үшін қажет жағдайды қабылдауымыз керек. Кері жағдайда тарих қайталанады»,-деді. Ердоғанның бұл сөздері Түркияның көршілес елдерге қатысты жауластық саясаттарының күн сайын жаңа түрге еніп отырғанын тағы көрсетті. Аймақтық текетірестерді шешіп, көршілес елдермен қайшылықтарды жоямыз деп уәж айтқан Түркия басшылары бүгінде көршілес елдердің ішкі ісіне ашық та жасырын түрде араласуымен қатар, османдық Түркия дәуіріндегі армандарды еске түсіретін сөздер айтып, осы көзқараспен Иран жайлы пікір білдіреді. Түркия үкіметі үнемі «жаңа османизм» идеясына негізделген саясаттарды ілгерілетуді көздеп келеді. Талай рет сепаратистік топтарға ұйтқы болып, көршілес елдерге қарсы қастандық жасау ошағы болды. Шын мәнінде тарихта қайталанған оқиға Түркия басшылары тарапынан үстемшіл саясаттардың қайтып оралуы болып отыр.
Сол себепті аймақта алаңдаушылық тудырып отырған мәселе Түркияның лаңкестік топтарды ашық та жасырын түрде қолдауы және көршілес елдердің ұлттық егемендігі мен аумақтық біртұтастығын бұзуы болып отыр. Қазіргі Түркия Осман заманындағы Түркиядан басқа. Он жылдан астам уақыт бойы Режеп Тайып Ердоғанның басқаруында болған Түркия өзінің құндылықтары, мақсаттары мен саясаттарында көптеген түйткілге ұшырады. Осы түйткілдердің ең маңыздысы – бұл елдің Осман империясын қайта құруға және территориясын кеңейтуге ұмтылуы. Бұл Түркияның көршілес елдерден алшақтап кетуіне себеп болды. Түркияның Ирак пен Сирияда үсті-үстіне авантюристік әрекет жасауы Бағдад пен Дамаск үкіметтерінің Анкараға ресми наразылық пен арыз айтуына себеп болды. Бұл мәселе Ердоғаннан Иранды сынап, Ирактағы парсы ықпалы туралы жалған уәж айтқанша, өзінің араласушылық әрекеттеріне жауап беруді талап етеді. Ирактың ұлттық үкіметі Түркияның жанашырлығына мұқтаж болмайтындай саяси кемелдік пен қырағылыққа жеткен.Сондықтан Иракқа қай елдердің басқыншылық жасап жатқанын біледі. Иранның Иракта оңтайлы рөл атқаруы осы елдің заңды үкіметінің Түркиядан қолдау тауып отырған тәкфирлік және лаңкестік топтармен күресуге қатысты ресми өтініші негізінде орын алды.
Түркияның тынышсыз жағдайы осы елдің кейбір қайраткерлерінің қисынсыз сөздер айтып, әдеттен тыс әрекеттер жасауына себеп болды. Олар бұл істердің салдары жайлы ойламайтын сыңайлы. Түркия басшыларының сөздері өздерінің теріс саясаттарың салдарынан туындаған қиындықтарға жауапкершілікті өзгелерге жабу үшін айтылды. Алайда Ираннан үркіту саясаты – тігісі мәлім қатынас. Түркия АҚШ пен Израильдің аймақтағы саясаттары аясында әрекет ететін болса, өзін бұдан көбірек түйткілдерге ұшырататыны анық. Бұған қарамастан Түркия басшылары осы елдерге жақтасып, Иранды аймақтың қазіргі жағдайына жауапты етіп көрсетуге талпыныс жасап жатыр. Алайда бұл елдің істеген әрекеттері оның өзін баршаға айнадағыдай айқын көрсетіп тұр.