Иран мен Сирия лаңкестерге қарсы бір шепте тұр
https://itolqyn.com/news/west_asia-i26680-Иран_мен_Сирия_лаңкестерге_қарсы_бір_шепте_тұр
Иран ислам республикасының Қорғаныс және қарулы күштерді қолдау министрі: «Егер бүгінде Сирия мен Иракта белсенді болып отырған лаңкестіктің сұм құбылысы ауыздықталмаса және көзі жойылмаса, әлемнің қауіпсіздігіне қатер төнеді» деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Maм 02, 2017 21:43 Asia/Almaty
  • Иран мен Сирия лаңкестерге қарсы бір шепте тұр

Иран ислам республикасының Қорғаныс және қарулы күштерді қолдау министрі: «Егер бүгінде Сирия мен Иракта белсенді болып отырған лаңкестіктің сұм құбылысы ауыздықталмаса және көзі жойылмаса, әлемнің қауіпсіздігіне қатер төнеді» деді.

Бригада генералы сардар Хосейн Деһқан Теһранда Сирия қарулы күштері бас штабының төрағасы Әли Абдолла Аюбты қабылдауда Сирия халқы, үкіметі және қарулы күштерінің лаңкестікке тосқауыл қоюдағы теңдессіз қарсыласуын дәріптеп: «Иран мен Сирия халқы лаңкестік қаупін  сейілтіп, аймаққа тыныштық пен қауіпсіздікті қайтару үшін бір шепте лаңкестермен соғысып жатыр» деді.

Бригада генералы Деһқан Сауд Арабиясының лаңкестерге қолдау көрсетуі мен АҚШ пен сионистік режимнің мақсаттарына қызмет етуін айыптап: «Өкінішке орай, Сауд режимі осы бағытта исламның да, Сирияның араб халқы мен үкіметінің де мүддесіне көзжұмбайлық танытуда» деді.

Сирия армиясы бас штабының төрағасы да осы кездесуде: «Сирия үкіметі, халқы және қарулы күштері 7 жылдық қарсыласуы мен өздерінің лаңкестерге қарсы жеңістерін Иран ислам республикасының қолдауы мен демеушілігіне қарыздар санайды» деді.