Сауд Арабиясының аймақтағы өшпенділік саясаты жалғасуда
https://itolqyn.com/news/west_asia-i26722
Мұрагер ханзада әрі Саудия режимінің Қорғаныс министрі Мұхаммад Бин Салман сейсенбі күні Иран ислам республикасының әрдайым өз көршілерімен сұхбаттасу және қиыншылықтарды шешу әрі аймақ елдерімен игі байланысты қуаттайтын принципті тұрғыларына қайшы: «Сауд Арабиясы Иранмен түсіністікке жетпейді» деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Maм 03, 2017 22:10 Asia/Almaty
  • Сауд Арабиясының аймақтағы өшпенділік саясаты жалғасуда

Мұрагер ханзада әрі Саудия режимінің Қорғаныс министрі Мұхаммад Бин Салман сейсенбі күні Иран ислам республикасының әрдайым өз көршілерімен сұхбаттасу және қиыншылықтарды шешу әрі аймақ елдерімен игі байланысты қуаттайтын принципті тұрғыларына қайшы: «Сауд Арабиясы Иранмен түсіністікке жетпейді» деді.

Мұхаммад Бин Салман Сауд Арабиясының "Әл- Арабия" арнасына берген сұхбатында қазірге дейін 11 мыңнан астам адамның өлімі мен ондаған мың адамның жаралануына себеп болып, миллиондаған адамды босқындыққа ұшыратқан Саудия режимінің Йеменге шабуылына сілтеме жасап: «Амалсыздықтан Йеменмен соғысқа кірістік» деген уәж айтты.

Мұхаммад Бин Салман сондай-ақ Сауд Арабиясы мен Мысырдың келіспеушілігін қауесет деп атап, әдеттегідей ешқандай дәлел-дәйексіз Иранға жала жауып, осы қауесетті ислам республикасы таратып отыр деген уәж айтты.

Саудия режимінің Қорғаныс министрі Иран ислам республикасының барлық негіздерде өсуі мен көзге түсерлік ілгерілеушіліктеріне көзжұмбайлық танытып: «Иран халқы Иран ислам революциясының жеңісінен кейін дамудан кенде қалып отыр» деген уәж айтты.