Сауд Арабиясы аймақта тайпалық соғыс ашуға ұмтылуда
(last modified Thu, 04 May 2017 13:59:11 GMT )
Maм 04, 2017 19:59 Asia/Almaty
  • Сауд Арабиясы аймақта тайпалық соғыс ашуға ұмтылуда

Ирак Парламентінің депутаты: «Сауд әулеті Израильге қызмет ету үшін аймақта тайпалық соғыс ашуды мақсат етіп отыр» деп мәлімдеді.

Заң үкіметі коалициясынан сайланған Ирак Парламентінің депутаты Фердаус әл-Авади бір мәлімдемеде: «Сауд Арабиясының Қорғаныс министрі Мұхаммад Бин Салманның надан сөздері мен шиіт мазхабына дұшпандығын жариялауы Сауд әулетінің шынайы бейнесін аңғартады. Осындай күрделі мәселеге тоқталу сионистік режимнің мен Иран, Ирак, Ливан, Йемен, Бахрейн мен өзге кейбір ислам елдеріндегі исламдық қарсыласу топтары дұшпандарының алаңдаушылықтарын аңғартады» деді.

Әл-Авади мұсылмандарды Сауд Арабиясының арбауына түспеуге және бейбіт қатар өмір сүру арқылы аймақтың тұрақтылығы мен бейбітшілікке көмектесуге шақырды.

Сауд Арабиясының Қорғаныс министрі жуырда айтқан өшпенділік сөздерінде «Хазірет Махдидің келуін тосып, ислам әлемін өз қарамағына өткізуге талпыныс жасап отырған Иранмен қалай түсіністікке келуге болады» деген уәж айтқан болатын.

 

 

Тегтер