Саудиялық күштер Сауд Арабиясының шығысына шабуыл жасады
https://itolqyn.com/news/west_asia-i26958
Сауд Арабиясының белсенділері сәрсенбі күні Сауд режимі қауіпсіздік күштерінің елдің шығысындағы әш-Шарқия облысының әл-Қатиф ауданында танымал саудиялық дінбасы шейх Нимр Бақер ән-Нимрдің туған жері әл-Ауамие қаласына жасаған шабуылы салдарынан 1 адам қаза тауып, 16 адам жараланғанын хабарлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Maм 11, 2017 16:33 Asia/Almaty
  • Саудиялық күштер Сауд Арабиясының шығысына шабуыл жасады

Сауд Арабиясының белсенділері сәрсенбі күні Сауд режимі қауіпсіздік күштерінің елдің шығысындағы әш-Шарқия облысының әл-Қатиф ауданында танымал саудиялық дінбасы шейх Нимр Бақер ән-Нимрдің туған жері әл-Ауамие қаласына жасаған шабуылы салдарынан 1 адам қаза тауып, 16 адам жараланғанын хабарлады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Сауд режимінің қауіпсіздік күштері осы шабуылда шиіттер тұратын әл-Масуре ауылындағы бірнеше тұрғын үйді қиратты.

Шейх Нимр 2015 жылдың 15 қазанында Сауд әулеті қылмыстық соты тарапынан «ұлттық қауіпсіздікке қарсы бүлдіргі әрекеттер жасады» деген жалған айыппен «халықтың алдында қылышпен бауыздалып, крестке керу» жазасына тартылды. 2016 жылдың қаңтар айында бұл үкім орындалды. Осы  жантүршігерлік өлім жазасынан кейін Сауд әулетінің сот жүйесі халықаралық адам құқығын қорғау топтарының ауқымды сынына ұшырады.

Сауд Арабиясының үкіметі шиіттер тұратын әл-Масуре ауылын қайта жөндеу желеуімен  осы елдің шығыс аймағында шиіттердің ізін де қалдырмау үшін бұл аймақты толығымен бұзуды мақсат тұтып отыр.