Сирия Женева келіссөздерімен тұспа-тұс лаңкестік әрекеттердің күшеюіне реакция білдірді
https://itolqyn.com/news/west_asia-i27148-Сирия_Женева_келіссөздерімен_тұспа_тұс_лаңкестік_әрекеттердің_күшеюіне_реакция_білдірді
Сирия армиясының Бас қолбасшысы Кабун ауданына қауіпсіздік пен тұрақтылықты қайтару Дамасктың айналасында қалған лаңкестік орталықтардың тамырын отаудың басталуы екендігі туралы жариялап:
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Maм 17, 2017 19:02 Asia/Almaty
  • Сирия Женева келіссөздерімен тұспа-тұс лаңкестік әрекеттердің күшеюіне реакция білдірді

Сирия армиясының Бас қолбасшысы Кабун ауданына қауіпсіздік пен тұрақтылықты қайтару Дамасктың айналасында қалған лаңкестік орталықтардың тамырын отаудың басталуы екендігі туралы жариялап:

«Кабун ауданына қауіпсіздік пен тұрақтылықты қайтару Дамаск аймағындағы лаңкестер мен олардың қолдаушыларының қастық жобаларына соққы беру саналады»,- деді. Лаңкестер төрт жыл бұрын Кабун ауданын Дамаскпен шекаралас аймақтарға қарсы шабуылдар мен лаңкестік әрекеттердің базасына айналдырып, соңғы күндері әрекеттерін арттырды. Сирия дағдарысы туралы Женева-6 келісөздерінің басталуымен лаңкестердің әрекеттері мен Сирия армиясы және  халықтық күштерінің реакциясы күшейді. Сирия басшылары лаңкестікпен күреспей, бұл елдің дағдарысын шешетін жол жоқ екенін рет қуаттады.

Саяси бақылаушылар Сирия дағдарысын тоқтататын белгілердің байқалуы туралы хабарлап: «Сирия дағдарысының шешілуі сириялықтардың арасындағы саяси үдеріс туралы келіссөздеріне байланысты. Бірақ келіссөздермен тұпа-тұс бұл елдегі лаңкестікпен күрес мәселесін де қарастыру қажет. Егер лаңкестерді қолдау тоқтап, сириялықтар бір-бірімен Конституция, елдің келешегі мен саяси жүйесі туралы кеңессе, Сирия дағдарысын шешетін жол жақындап, әсерлі нәтижеге жетуге болады. Алайда, Сирияға қатысты Женева келіссөздерінде мұндай көңіл-күй байқалмағандықтан, келіссөздер осы күнге дейін оң нәтижеге жетпеді.

Сирия дағдарысын шешу саласындағы халықаралық талпыныстар  да сириялық наразылар үшін маңызды емес. Олар Сирияға қатысты халықаралық отырыстардың арқасында артықшылықтарға ие болып, қылмыстарын жалғастыруды көздеуде. Мұндай кеңістікте лаңкестердің қолдаушылары саналатын Батыс үкіметтерінің астанасында өткен келіссөздер  іс жүзінде лаңкестер мен олардың қолдаушыларына лаңкестердің мақсаттары мен мүдделерін алға ілгертуге жағдай тудырды.

Сирия Президенті Башар Асад Женева  келіссөздерін батыстықтардың жарнамалық витринасы деп атады. Осы кезге дейін БҰҰ-ның бақылауымен Женева келіссөздері алты рет өтті. Бірақ олар нәтижесіз аяқталды.

Сирия дағдарысын шешу мақсатымен өтетін келіссөздердің нәтижеге жететін әр жобасы бұл елдегі лаңкестікті жоюды қарастыруы керек, бірақ кейбір сириялық топтар лаңкестікпен күресуге қатысты әр жобаны Башар Асадтан кейінгі кезеңмен байланыстырады. Женева келіссөздері ағымында қарастырылатын әрбір жоба мен әрбір ұсыныс бұл елдің халқының қалауына сай болуы керек. Кері жағдайда Женева келіссөздерінің 6-шы кезеңі Сирия халқы мен үкіметіне қарсы әскери әрекеттердің күшеюінен басқа нәтиже әкелмеген келіссөздердің 5-ші кезеңінің тағдырын қайталайды. Сирия үкіметінің лаңкестердің әрекеттеріне жылдам және қатаң реакция  білдіруі Сирияның елдің дағдарысын саяси жолмен шешуге көңіл бөлуімен бірге лаңкестермен майданда қарсыласуға немқұрайдылық танытпағанын көрсетеді. Бұл мәселе Сириядағы лаңкестікті жақын арада жоюдың перспективасын анықтады.