Йеменнің Мариб облысында АҚШ-тың әскерилері өлді
Йеменнің Мариб облысындағы йемендік тайпалармен қақтығыста АҚШ-тың әскерилері өлді.
Пресс ТВ-дің мәліметі бойынша, Йеменнің Мариб облысындағы Хатле ауылына сейсенбі күні шабуыл жасаған 30 америкалық әскери мен бірқатар саудиялық жалдамалыларды йемендік тайпалар өлтірді. Шабуылда кемінде 7 америкалық әскери жарақат алды.
Сауд Арабиясы АҚШ-тың қолдауы және БҰҰ-ның үнсіздік танытуын пайдаланып, 2015-ші жылдың наурыз айынан бастап, Йеменге қарсы әскери шабуылдарын бастап, қашып кеткен президенті Абд Раббе Мансур Хадиды билік басына қайтаруды сылтауратып, елді қоршауға алды.
Бұл әскери шабуыл 12 мыңнан астам йемендіктің жарақат алуыга, миллиондаған йемендіктің босқынға айналуы мен елдің инфрақұрылымдарының қирауына себеп болды.