Мысырдың лаңкестік шабуылы – қолдау көрсетілген жікшілдіктің көрінісі
(last modified Sat, 27 May 2017 09:16:11 GMT )
Maм 27, 2017 15:16 Asia/Almaty
  • Мысырдың лаңкестік шабуылы –  қолдау көрсетілген жікшілдіктің көрінісі

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Ғасеми Мысырдың әл-Минья облысындағы христиандарға жасалған шабуылды қолдау көрсетілген жікшілдіктің айқын көрінісі деп атап, оны айыптады.

Жұма күні Мысырдың әл-Минья облысында он қарулы адамның христиандарды тасымалдап бара жатқан екі автобусқа жасаған шабуылы салдарынан 26 адам қаза тауып, 20 адам жарақат алды.

Бахрам Ғасеми Манчестердегі жарылыс пен ДАИШ және Абу Сайяф лаңкестерінің Филиппиндегі шабуылдарын, Индонезия мен Таиландтағы лаңкестік әрекеттерді және Мысырдағы қанды атыс секілді оқиғалардың барлығының дерлік АҚШ президентінің Сауд Арабиясына сапарынан кейінгі күндері орын алғанына сілтеме жасап: "Бұл оқиғалардың бірінен соң бірінің қайталануы қолдау тапқан сектанттык немесе жікшілдік рух нышандарының бірі болады. Оның басқа тұсын Сауд Арабиясының Бахрейндегі басып-жаныштау және қырып жою әрекеттері мен Йемендегі қанды соғыстан байқауға болады» деді.