Бахрейн ұлтаралық бүлік өртін лаулатудан аулақ болсын
Діни жетекшінің Эксперттер мәжілісі басшысының орынбасары аятолла Хашеми Шаһруди Бахрейннің жоғары діни қайраткеріне құрметсіздіктің көрсетілуіне реакция білдіріп, бұл елдің үкіметіне Бахрейнде ұлтаралық бүлік өртін лаулататын әрекеттерден аулақ болу қажеттігін ескертті.
ИРНА-ның мәліметі бойынша, Діни жетекшінің Эксперттер мәжілісі басшысының орынбасары аятолла Сейед Махмуд Хашеми Шаһруди мәлімдемесінде Халифе әскерилерінің Бахрейн халқының бейбіт шеруіне жасаған шабуылын, әсіресе Дираз аймағында жастарды өлтіріп, шейх Иса Ғасемнің үйіне баса-көктеп кіруді айыптап: "Бұл әрекеттер – аймақтағы бүлікшіл мемлекеттерге қызмет етіп, ислам үмбетінің арасына іріткі салу. Бахрейнді бұл дағдарыстан шығару үшін шынайы келіссөздер өткізу керек",- деді.
Бұдан бұрын Діни жетекшінің Эксперттер мәжілісі Бахрейн қауіпсіздік күштерінің шейх Иса Қасемнің үйіне жасаған шабуылын айыптап, бұл әрекеттің салдары және халыққа тигізетін теріс әсері туралы ескерту жасаған болатын.