Бір милионнан астам йемендік әйел тырысқақ ауруына шалдыққан
БҰҰ Йеменде жүз мыңдаған йемендік әйелдің өміріне қауіп төндіріп отырған тырысқақ ауруының бұрын-соңды болмаған түрде таралуы туралы ескерту жасады.
Түркияның Anadolu ақпарат агенттігінің жексенбі күнгі хабарлауына сәйкес, БҰҰ-ның араб елдері жөніндегі бөлімнің бастығы Лоайа Шаббана өз баяндамасында: "Йемендегі қақтығыстар медициналық көмек көрсету және денсаулық сақтау инфрақұрылымдарының бұзылуына соқтырды. Ал азық-түлік тапшылығынан азап шегіп жатқан йемендік жүкті әйелдер мен омыраудағы балалар тырысқақ ауруына басқа адамдарға қарағанда көбірек шалдығып жатыр",- деп мәлімдеді.
Бір милионнан астам йемендік әйел тырысқақ ауруына шалдыққан.
БҰҰ-ның араб елдері жөніндегі бөлімнің бастығының баяндамасында: "Йемендегі перзентханалардың тек 35 пайызы ғана жұмыс істеп тұр. Елдегі медициналық көмек көрсету және денсаулық сақтау инфрақұрылымдарының басым бөлігі Сауд Арабиясының шабуылдары мен соғысы салдарынан қиратылған",- деп жазылған.
Халықаралық ұйымдардың хабарлауы бойынша, Йеменнің17 миллион азаматы әлі де азық-түлік көмегіне мұқтаж. Шамамен 7 миллон адам аштық қаупіне таяу тұр.