Иран мен Түркия арасындағы жолаушы поезы қайтадан жүре бастайды
Иран ислам республикасы темір жол компаниясының жолаушы істері бойынша орынбасары Түркия темір жолының жолаушы поездарын жолға қою үшін хат жазысқандарын хабарлады.
Иран темір жол компаниясының жолаушы істері бойынша орынбасары Мұхаммад Рашеди Түркияға жолаушы поездары қатынасы тоқтатылуының себебін қауіпсіздік мәселелері деп атап: «Түркия үкімет басшысы мен Тасымалдау министрінің Иранға жасаған жуықтағы сапарында шешім қабылданған тақырыптардың бірі екі ел арасындағы жолаушы поездарын жолға қою мәселесі болды. Түркия СІМ Иран СІМ-ін елінде қауіпсіздіктің орнағанына сендіріп, Иран СІМ-де Түркияға жолаушы поезының жолға шығуына рұқсат берілген кезде Түркия мен Иран арасындағы жолаушы поездары қатынасының басталатынын мәлімдеді.
Иран темір жол компаниясының жолаушы істері бойынша орынбасары ирандық поездардың Түркияға қатынау мөлшері туралы: «Жолаушы тасымалдау маршруттары қайтадан іске қосылған соң ирандық поездардың Түркияға қатынасы бұрынғыдай жалғасатын болады» деді. Ираннан Түркияға қатынайтын жолаушы поездарының қозғалысы осы елде бірнеше лаңкестік қимылдар орын алған соң тоқтатылған болатын.