Йеменде 6 саудиялық жалдамалының көзі жойылды
Йеменнің ақпарат көздері осы елдің армиясымен қақтығыста саудиялық алты жалдамалының өлтіріліп, қырық сарбазының жараланғанын хабарлады.
Al-Alam ақпарат арнасының сәрсенбі күнгі хабарлауынша, Йемен армиясы: «Йемен Қарулы күштерінің осы елдің оңтүстік-батысында орналасқан Таиз облысының шығысындағы Сауд Арабиясына бағынышты жалдамалыларға жасаған шабуылында кемінде алты жалдамалы өлтіріліп, қырық жалдамалы жараланды»,-деп хабарлады.
Йемен армиясының мергендері мен халықтық күштері, сондай-ақ, Сауд Арабиясының оңтүстігіндегі Джизан және Асир облыстарында саудиялық бірнеше сарбаздың көзін жойды.
Сауд Арабиясының оңтүстігіндегі Наджран облысында Йеменнің зымырандық бөлімшесі Сауд армиясының әскери позициялары мен әскері көп шоғырланған жеріне шабуыл жасады.