Иранның экспорттық бидайының алғашқы тиелімі Оманға жіберілді
(last modified Mon, 12 Jun 2017 15:34:39 GMT )
Маусым 12, 2017 21:34 Asia/Almaty
  • Иранның экспорттық бидайының алғашқы тиелімі Оманға жіберілді

ИИР-ның кеме тасымалы компаниясының бас директоры Али Акбар Ғанджи: "Иранның экспорттық бидайының алғашқы тиелімі Иранның оңтүстік-батысындағы имам Хомейни портынан Оманға жіберілді.

Иранның экспорттық бидайының Оманға жіберілген алғашқы тиелімінің мөлшері 30 мың тоннаны құрады. Бидай шаруашылығында өз-өзіне жеткіліктілік жобасы табысқа жеткеннен кейін Иранның экспорттық бидайын түрлі елдерге жөнелту мақсат етіп қойылды" деді. Иранның Ауылшаруашылық министрлігі де Иранынң ауылшаруашылық өнімдерінің әлемнің 30-дан астам еліне тікелей экспортталатынын мәлімдеді.