Израиль Сирия үкіметін құлата алмайтынын мойындады
https://itolqyn.com/news/west_asia-i27986-Израиль_Сирия_үкіметін_құлата_алмайтынын_мойындады
Сионистік режимнің соғыс министрі Израильдің Сирия Президенті Башар Асадты билік басынан түсіре алмайтынын мойындады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Маусым 13, 2017 13:59 Asia/Almaty
  • Израиль Сирия үкіметін құлата алмайтынын мойындады

Сионистік режимнің соғыс министрі Израильдің Сирия Президенті Башар Асадты билік басынан түсіре алмайтынын мойындады.

Израильдің соғыс министрі Авигдор Либерман осы режимнің екінші телеарнасына берген сұхбатында: «Израиль Башар Асадты билік басынан алып тастағысы келеді, бірақ бұл мақсатына жетуге Израильдің күші жетпейді. Израиль үшін Сирия мәселесінде өзін жоғары санауға тыйым салынған»,- деп мәлімдеді.

Сирия дағдарысы басталғаннан бері сионистік режимнің армиясы сан рет Сирия үкіметіне қарсы лаңкестерді қолдап, қақтығыс аймақтарындағы, әсіресе Голан жоталарындағы сириялық күштердің позицияларын нысанаға алды. Бірақ бұл әрекеттер сириялықтар мен аймақтағы сионистерге қарсы қарсыласу күштерінің реакциясы және қырағылығымен сәтсіздікке ұшырады.