Йемен суларында саудиялық басқыншылардың бір кемесі нысанаға алынды
Йеменнің теңіз күштері сәрсенбі күні Йеменнің оңтүстік-батысындағы Таиз облысының Моха қаласының жағалауына жақын жерде саудиялық басқыншыларға тиесілі бір соғыс кемесін нысанаға алды.
Йемендік "аль-Масира" телеарнасының мәліметі бойынша, бұл – Йеменнің халықтық күштері мен әскері нысанаға алған саудиялық басқыншы күштердің оныншы кемесі.
Йеменнен келіп түскен келесі хабарға сәйкес, Британиядағы "Сәбилердің қорын қорғаңыздар" деп аталатын қайырымдылық қоры Йемендегі тырысқақ ауруының таралуының бақылаудан шығып, әр минут сайын йемендік бір баланың осы ауруға шалдығатынын ескертіп, алдағы бірнеше айға дейін Йеменде 300 000 адамның тырысқақ аурына шалдығатынын хабарлады.
БҰҰ-ның Балалар қоры (ЮНИСЕФ) да бұдан бұрын өткен сәуір айының соңынан бері 920 адамның Йеменде тырысқақ ауруы салдарынан жантәсілім еткенін, 124 000 адамның аталмыш ауруды жұқтырғанын мәлімдеді.