Иран мен Түркия арасында банктік операциялар ұлттық валютамен жүзеге асырылатын болады
Маусым 15, 2017 21:00 Asia/Almaty
Иранның Анкарадағы елшісі Иран мен Түркия арасында ұлттық валютамен бастапқы банктік операциялардың жасалғанын мәлімдеді.
Иранның Анкарадағы елшісі Ибрахим Тахерианфард бейсенбі күні Иран мен Түркия арасындағы банктік жұмыстардың барысын тексеру үшін Иранның "Меллат" банкінің Стамбұлдағы бөлімшесінің басшысы және қызметкерлерімен кездесіп, сұхбаттасты. Иранның Анкарадағы елшісі алдағы уақытта Иран мен Түркия банктері арасында операциялардың ұлттық валюталармен жүзеге асырыла бастайтындығына үміт білдірді.
Тегтер