Иранның Сақшылар Корпусының зымыраны ДАИШ-тың 50 лаңкесін өлтірді
Әскери дереккөздерден дүйсенбі күні кешке келіп түскен мәліметтер бойынша, Ислам революциясы Сақшылар Корпусының Сирияның шығысындағы Дейр әз-Зор аймағындағы ал-Меядин қаласындағы ДАИШ лаңкестік тобының штабына атқан зымырандарының нәтижесінде ДАИШ тобының 50-ден астам лаңкес мүшесі өлген.
«Әл-Әлам» телеарнасының мәліметі бойынша, лаңкестердің алтауы ливиялық болған.
Сол шабуылда сондай-ақ ДАИШ лаңкестік тобының бірнеше қолбасшысы, атап айтқанда «Абу Осем әл-Либи» және «Абу Харес» деп танымал болған Абдолқадер әл-Фирани өлді.
Әскери дереккөздерінің мәліметтері бойынша, ДАИШ лаңкестік тобының қолбасшысы Абубакр әл-Бағдадидың күйеу баласы да Сақшылар Корпусы атқан зымыраннан өлімге ұшыраған.
Осы кезге дейін Иран Сақшылар Корпусының Дейр әз-Зор аймағындағы лаңкестердің орталықтарына дәлдеп атқан алты зымыранының келесі бесеуінің шығыны туралы нақты мәлімет әлі жарияланған жоқ.