Палестина – әлем мұсылмандары мен адамзаттың мәселесі
https://itolqyn.com/news/west_asia-i28296-Палестина_әлем_мұсылмандары_мен_адамзаттың_мәселесі
Сириядағы ИИР-ның елшісі Палестина мәселесін барлық палестиналықтар мен әлем мұсылмандарының және барлық адамзаттың мәселесі деп атады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Маусым 22, 2017 20:39 Asia/Almaty
  • Палестина – әлем мұсылмандары мен адамзаттың мәселесі

Сириядағы ИИР-ның елшісі Палестина мәселесін барлық палестиналықтар мен әлем мұсылмандарының және барлық адамзаттың мәселесі деп атады.

Сириядағы ИИР-ның елшісі Джавад Торкабади сәрсенбі күні Дамаскте Құдс әлемдік күніне байланысты өткен конференцияда: «Иран мен қарсыласу өзегі Палестинаның барлық жерлері мен қасиеттіліктерін сионистердің басқыншылығынан азат еткенше Палестинаның қолдаушысы болып қалады» деді.

Джавад Торкабади сионистік режимге зауал келетін күннің жақындап қалғанын қуаттап, палестиналықтарды бүгінде құқық иесі деп атады.

Джавад Торкабади қарсыласу өзегінің хақты өзінің мақсаты етіп қойғанын, бұл мақсаттың жалғасатынын айтып: «Палестина бүгінгі әлемдегі ең үлкен және ең маңызды тақырып. ИИР-ның негізін қалаушы имам Хомейни ислам революциясының жеңісінен бұрын Палестинаны қорғаудың туын көтеріп, осы жолды жалғастырып, барлық мұсылмандардан бірігіп, сионистік режиммен қарсыласуды сұрады» деді.