Сирияның кеңістігінде Американың тыңшылық ұшақтары көбейді
https://itolqyn.com/news/west_asia-i28442-Сирияның_кеңістігінде_Американың_тыңшылық_ұшақтары_көбейді
Сириялық дереккөздері Сирияның әуе кеңістігінде Американың тыңшылық ұшақтарының артқанын хабарлады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Маусым 28, 2017 17:01 Asia/Almaty
  • Сирияның кеңістігінде Американың тыңшылық ұшақтары көбейді

Сириялық дереккөздері Сирияның әуе кеңістігінде Американың тыңшылық ұшақтарының артқанын хабарлады.

Ливандық «ал-Майадин» телеарнасы америкалық тыңшылық ұшақтарының қалыптан тыс ұшуын Аммериканың жаңа бір әрекетке дайындалып жатқанын  білдіреді деп хабарлады. «Ал-Майадин» телеарнасының мәліметіне сәйкес, өткен күндері Сирияның жағалау аймақтарында әуе кеңістігі арқылы мәлімет жинау амалдары артқан. Америкалық басшылар соңғы күндері Сирия үкіметін қарсыластарға қарсы химиялық қарумен шабуыл жасады деп айыптады. Батыс елдері Сирияның үкіметтік күштерінің биылғы жылдың сәуір айында Сирияның солтүстік-батысында орналасқан Идлиб облысындағы Хан-Шейхун аймағында әскери емес азаматтарға химиялық шабуыл жасады деген жалған уәждермен айыптады. Ресей мен Иран Американың Сирияда қайтдадан ілік іздеу шарасына қатысты ескерту жасады.