Сирия АҚШ-тың химиялық шабуылға қатысты уәждеріне тағы реакция білдірді
Сирия СІМ АҚШ-тың Сирияның Хан-Шейхунда химиялық қаруды пайдаланғаны туралы құжаттар ұсынып, уәждерін дәлелдеуде жеңіліске ұшырағаны туралы хабарлады.
Sputnik ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Сирия СІМ жұма күні АҚШ-тың жуырдағы Сирияға қарсы алдамшы үгіт-насихаттарын тағы негізсіз әрі бұрыс деп атап: "АҚШ-тың мәлеметтері мен түсіндірмелеріне негізделген уәждері қабылдауға келмейді.
АҚШ соңғы күндері Сирияға қарсы адастырушы үгіт-насихат бастап, Дамаск осы ел азаматтарына химиялық шабуыл жасауды көздеп отыр деген уәж айтып отыр. Бірақ бұл уәждер негізсіз әрі шындыққа жанаспайды.
Дәл АҚШ-тың бос әрі жалған уәждерімен Сирияның аш-Шейрат әуе базасына жасаған зымырандық шабуылы секілді АҚШ-тың бұл уәждерді айтудағы мақсаты бос сылтаулармен Сирияға жаңадан әскери шабуыл жасау болып табылады",- деп мәлімдеді.