Ирактың Ішкі істер министрлігі: Абу Бакр әл-Бағдади әлі тірі
(last modified Mon, 17 Jul 2017 02:17:34 GMT )
Шіл 17, 2017 08:17 Asia/Almaty
  • Ирактың Ішкі істер министрлігі: Абу Бакр әл-Бағдади әлі тірі

Ирактың ІІМ-нің Барлау және лаңкестікпен күрес басқармасының төрағасы Абубакр әл-Басри: "Халықаралық және батыстық ұйымдардан келген мағлұматтарға сәйкес, ДАИШ лаңкестік тобының жетекшісі Абу Бакр әл-Бағдади әлі тірі. Ол Сирияның солтүстігіндегі Ракка қаласының маңында жасырынып жатқан көрінеді.

Мосулдың ДАИШ лаңкестерінің басқыншылығынан азат етілуі  лаңкестердің жұмыстарының тоқтағанын білдірмейді. Себебі, лаңкестік тек Иракқа қана емес, бүкіл аймақ елдеріне қауіп төндіріп отыр. ДАИШ өзіне қарасты кейбір топтарды үрей мен қорқыныш тудырып, бейберекеттік қалыптастыру үшін Сириядан Түркия арқылы әлемнің жер-жеріне жіберіп жатыр" деп ескертті.

 

Тегтер