ДАИШ Талл-Афур қаласында өз күштерінің отбасыларын өлім жазасына кесті
https://itolqyn.com/news/west_asia-i29082-ДАИШ_Талл_Афур_қаласында_өз_күштерінің_отбасыларын_өлім_жазасына_кесті
Ирактық мемлекеттік хабардар бір дереккөзі ДАИШ-тың «Шариғат кеңесі» шығарған пәтуасына сәйкес Талл-Афар қаласында өз мүшелерінің отбасыларын өлтіріп жатқанын хабарлады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Шіл 18, 2017 23:25 Asia/Almaty
  • ДАИШ Талл-Афур қаласында өз күштерінің отбасыларын өлім жазасына кесті

Ирактық мемлекеттік хабардар бір дереккөзі ДАИШ-тың «Шариғат кеңесі» шығарған пәтуасына сәйкес Талл-Афар қаласында өз мүшелерінің отбасыларын өлтіріп жатқанын хабарлады.

Есімінің жарияланбауын сұраған осы дереккөзі: «Бұл пәтуа Ирак әскерінің Талл-Афурдағы әскери амалдарының басталуы қарсаңында және отбасылардың ДАИШ мүшелерін әшкере етуінен қорқып, оларды қауіпсіздік күштеріне мойынсұндыру мақсатында шығарылды» деді. Нейнава облысындағы жергілікті хабардар бір дереккөзі де ДАИШ-қа мүше араб иммигранттарының осы облыстың батысында орналасқан Талл-Афур қаласынан қашқанын, ДАИШ-тың араб иммигранттардан Мысыр мен Палестинадағы уәделескен жерлерге кетуді сұрағанын хабарлады.