Йеменде тырысқақ ауруына шалдыққандар мен құрбан болғандардың саны артуда
Шіл 24, 2017 07:35 Asia/Almaty
Йеменнің Денсаулық сақтау министрлігі Йеменде тырысқақ ауруына шалдыққандар санының 377 000 адамға, осы ауру құрбандары санының 1847 адамға артқанын мәлімдеді.
Соңғы мәліметтерге сәйкес, халықаралық қауымдастық осы уақытқа дейін Йемен халқына қажет көмектердің шамамен 25 пайызын жеткізген. Бұл көмектердің құны 200 миллион долларды құрайды. Біраз бұрын Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы күніне 500 йемендіктің тырысқақ ауруына шалдығып, науқастардың 41 пайызын 15 жасқа толмаған балалар құрайтынын мәлімдеді.
Тегтер