ДАИШ лаңкестерінің Ирактың қасиетті мекендері мен діни жетекшісіне қарсы шабуылдары залалсыздандырылды
(last modified Mon, 31 Jul 2017 01:40:38 GMT )
Шіл 31, 2017 07:40 Asia/Almaty
  • ДАИШ лаңкестерінің Ирактың қасиетті мекендері мен діни жетекшісіне қарсы шабуылдары залалсыздандырылды

Ирактың Ішкі істер министрлігі Ирактың қасиетті мекендері мен шиіттердің діни жетекшісін нысанаға алған лаңкестердің үлкен жобасының залалсыздандырылғанын мәлімдеді.

"Аl-Sumariya news" агенттігінің жексенбі күні хабарлауынша, Ирактың ІІМ лаңкестердің бұл жобада Ирактағы Наджаф, Кербала мен Самерра қалаларындағы имамдардың кесенелері мен шиіттердің жоғарғы діни жетекшісі аятолла сейіт Әли Систанидің үйіне шабуыл жасамақ болғанын мәлімдеген.

Ирактың ІІМ-нің мәлімдеуінше, осы лаңкестік әрекеттердің мақсаты тайпааралық алауыздықтардың отын тұтату және ДАИШ-тің жеңілістерінен қоғамның назарын басқа мәселеге аударту болған.

Осындай жағдайда Ирактың ІІМ-нің Барлау және лаңкестікпен күрес басқармасының бас директоры Абуәли Әл-Басри: "ДАИШ осы лаңкестік жобада бомба қойылған көліктер мен ондаған шетелдік жанкештіні пайдаланбақ болды. Сондай-ақ, бұл жолда нысанадағы облыстарға қару-жарақ кіргізу үшін контрабандашылардың көмегіне жүгінген.

 

Тегтер