Аммар Хаким саудиялық әскери күштерді Бахрейннен шығаруды Рияд сапарының шарты етіп қойды
Там 04, 2017 08:57 Asia/Almaty
«Ұлттық хикмет» ағымының жетекшісі Аммар Хаким Арабстан сапары туралы айтқан сөзінде: «Делдал саудиялықтар тарапынан егер сізді шақырса, сол елдің басшыларымен кездесуге барасыз» деген хабар жеткізді. Мен жауапта, егер олардың беретін базарлығы Бахрейннен шығып, Йеменнің мазлұм халқын қыруды доғару болатын болса, міндетті түрде қабылдайтынымды айттым» деді.
«Сауд Арабиясы туралы зерттеулер» сайты Аммар Хакимнің сөзіне сілтеме жасап: «Бұл өтініш Арабстан режимі тарапынан теріске шығарылды. Сол себепті Саудия сапары жүзеге аспайтын болды» деп жазды.