Сириядағы Хама маңында лаңкестердің бес ұшқышсыз ұшағы құлатылды
Там 09, 2017 20:53 Asia/Almaty
Сирия армиясы осы елдің батысында орналасқан Хама маңындағы Джурин ауданында лаңкестік топтардың бомба қойылған бес ұшқышсыз ұшағын құлатты.
Сонымен қатар Сирия армиясының бөлімшелері Сирияның шығысындағы Дейр эз-Зор қаласының Панорама алаңы бағытында ДАИШ лаңкестері шабуылының бетін қайтарып, басқыншыларға көп шығын келтірді. Сириялықтар, сондай-ақ, Хатле ауылындағы ДАИШ полициясы деп аталатын күштердің штабына басып кіріп, Әбу Халид әш-Шами деген лаңкесті өлтірді.
Тегтер