Иран мен Түркия қарулы күштері бас штабының басшылары Анкарада кездесті
Там 16, 2017 14:57 Asia/Almaty
ИИР-ның қарулы күштері бас штабының басшысы мен Түркия армиясы бас штабының басшысы Анкарада кездесіп, сөйлесті.
ИРНА-ның мәліметі бойынша, бүгін таңертең әскери-саяси делегацияны бастап, Мохаммад Хосейн Бақери Анкарада түрік әріптесімен кездесті. Екі жақ екі елдің мемлекеттік әнұранын тыңдап, құрмет рәсімдерінен кейін Түркия армиясының ортақ штабында кездесіп, сұхбаттасты. Екі елдің әскери басшыларының кездесуі журналистердің қатысуынсыз өтті.
Екі жақты қорғаныс саласындағы қарым-қатынастар, аймақ өзгерістері, лаңкестікпен күрес және шекаралық әріптестіктер Бақеридің Түркия сапарының ең маңызды мәселелері деп жарияланды.
Тегтер