Иран мен Түркия қарулы күштері бас штабының басшылары Анкарада кездесті
https://itolqyn.com/news/west_asia-i29938-Иран_мен_Түркия_қарулы_күштері_бас_штабының_басшылары_Анкарада_кездесті
ИИР-ның қарулы күштері бас штабының басшысы мен Түркия армиясы бас штабының басшысы Анкарада кездесіп, сөйлесті.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Там 16, 2017 14:57 Asia/Almaty
  • Иран мен Түркия қарулы күштері бас штабының басшылары Анкарада кездесті

ИИР-ның қарулы күштері бас штабының басшысы мен Түркия армиясы бас штабының басшысы Анкарада кездесіп, сөйлесті.

ИРНА-ның мәліметі бойынша, бүгін таңертең әскери-саяси делегацияны бастап, Мохаммад Хосейн Бақери Анкарада түрік әріптесімен кездесті. Екі жақ екі елдің мемлекеттік әнұранын тыңдап, құрмет рәсімдерінен кейін Түркия армиясының ортақ штабында кездесіп, сұхбаттасты. Екі елдің әскери басшыларының кездесуі журналистердің қатысуынсыз өтті.

Екі жақты қорғаныс саласындағы қарым-қатынастар, аймақ өзгерістері, лаңкестікпен күрес және шекаралық әріптестіктер Бақеридің Түркия  сапарының ең маңызды мәселелері деп жарияланды.