Сириядан Түркия, Ұлыбритания мен АҚШ-та өндірілген химиялық заттар анықталды
Сирия Сыртқы істер министрінің орынбасары: «Сирияның кейбір өңірлерін азат ету барысында Түркияда өндірілген химиялық заттар мен құрамында химиялық заттары бар Ұлыбритания және АҚШ-та өндірілген оқ-дәрілер анықталып, тәркіленді»,-деді.
Al-Alam ақпарат арнасының сәрсенбі күнгі хабарлауы бойынша, Сирия Сыртқы істер министрінің орынбасары Фейсал Миқдад: «Ұлыбритания, АҚШ пен олардың одақтастары химиялық қаруларға тыйым салу заңын бұзып, лаңкестік топтарды улы заттармен қамтамасыз етіп отыр»,-деді.
Сирия Сыртқы істер министрінің орынбасары, сонымен қатар, Сириядағы химиялық шабуыл ісіне қатысты ақиқатты анықтаушы топтың жақын күндері Дамаскке баратынын хабарлап: «Сирия үкіметі елдің солтүстік-батысында орналасқан Идлиб облысындағы Хан-Шейхун ауданына жасалған химиялық шабуылға қатысты тексеріс жүргізді»,-деді.
Сонымен қатар, Ресей СІМ-нің ақпарат хатшысы Мария Захарова Facebook-тегі өзінің парақшасында Алеппо мен Дамаск маңындағы лаңкестерден CS және CN атты улы заттардың табылғанын, бұлардың екі америкалық және бір британдық компанияда өндіріліп, лаңкестердің қолына берілгенін жазды.
Захарова АҚШ пен Ұлыбританияның лаңкестерге қолдау көрсететін сынап: «Вашингтон мен Лондонда демократияның қалай басымдыққа ие болып, халықаралық заңдарға беріктіктің қалай сақталатындығына куә болып отырмыз»,-деп кекесінмен жазды.