Иран Ирактың Күрдістан аймағында референдум өткізуге кесімді түрде қарсы
(last modified Sat, 19 Aug 2017 12:55:37 GMT )
Там 19, 2017 18:55 Asia/Almaty
  • Иран Ирактың Күрдістан аймағында референдум өткізуге кесімді түрде қарсы

Иран Қарулы күштері Бас штабының қолбасшысы: "Бүгінгі таңда бетпе-бет келіп отырған аймақтың маңызды мәселелерінің бірі Ирактың Күрдістан аймағының бөлініп шығуы туралы референдум өткізу ықтималдығы",- деді.

Иран Қарулы күштері Бас штабының қолбасшысы генерал-майор Мұхаммад Бағери жұма күні Түркияға жасаған үш күндік сапарының соңында Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: "Иран мен Түркияның пікірінше Күрдістан аймағының Ирактан бөлініп шығуы Иракта ұзаққа созылатын соғыс пен қақтығыстың бастапқы пункті болуы мүмкін. Бұл жағдайдың салдары Иран мен Түркияға да өз әсерін тигізуі ықтимал",-деді. Генерал-майор Бағери "Ирактың Күрдістан аймағы бөлініп шыққан жағдайда Иранның реакциясы қандай болмақ?" деген сауалға: "Бұл Ирактың ішкі мәселесі. Бірақ, Ирактың күрдтері олардың айналасында Ирактың орталық үкіметі, Түркия, Иран мен Сирия орналасқан аралда екенін және бұл мемлекеттердің осы референдумға қарсы екенін білгені жөн" деді.

Азияның батысы аймағында орын алып жатқан әртүрлі өзгерістермен қатар 2017 жылдың қыркүйектің жиырма бесі күні Ирактың Күрдістан аймағының бөлініп шығуға қатысты референдум өткізу туралы шешім өте маңызды мәселеге айналды. Ирактың өз ішіндегі негізгі қарсылық қозғалыстарымен қоса, Иракпен көршілес елдер де Күрдістан аймағында референдум өткізуге қарсылық білдіріп отыр. Қазіргі жағдайды референдум өткізу үшін қолайсыз деп есептейтін кейбір шетелдік мемлекеттер мен Ирактағы шектеулі топтармен қатар ИИР, Түркия, Ирактың орталық үкіметі мен Сирия Ирактың Күрдістан аймағында референдум өткізуге кесімді түрде қарсы.

Ирактың Күрдістан аймағынан бөлінуі туралы референдум өткізу ықтималдығы Азияның батыс аймағында қақтығыс пен соғыстың дәнін себетін қатерлі әрі қате үдерістің басы болып табылады. Мұндай жағдайда тәуелсіз мемлекеттердің дұшпандары ғана пайда табады. Израиль режимінің Масуд Барзанидің Ирактың Күрдістан аймағында референдум өткізу идеясына ашық түрде қолдау көрсетуі Барзанидің қалаы аясында жасалып жатқан жоқ. Израиль басқа мақсаттарды көздеп отыр. Аймақтық дағдарыстардың саясында Палестина мәселесі ислам әлемінің басты тақырыбы болмас үшін сионистер аймақ халықтарын бір-біріне айдап салуды көздеп келеді. Сонымен қатар, аймақ елдері шекараларындағы қауіпсіздік жағдайының жалғасуы мұсылман және тәуелсіз мемлекеттердің дұшпандары, әсіресе Израиль көздеп отырған ортақ мақсат саналады. Сол себепті Иран Қарулы күштері Бас штабының қолбасшысы Ирактың Күрдістан аймағында референдум өткізу ықтималдығына қатысты: "Бұл мәселе аймақта ұзаққа созылатын соғысқа себеп болуы мүмкін",-  деп ескерту жасады.

Масуд Барзанидің өзі де Ирактың Күрдістан аймағында референдум өткізуді табандылықпен талап ету арқылы барша күрдтердің атынан сөйлеп отырған жоқ. Негізінде бұл референдум күрдтердің құқығын қорғауға бағытталмаған. Осы аяда саяси мәселелер жөніндегі сарапшы доктор Салехи жуырда өткен Иран Телерадио бірлестігі әлемдік қызмет торабы Бас басқармасының сарапшылар отырысында Барзанидің референдум өткізу жолында қаншалықты табысқа жететіні туралы: "Ирактың Күрдістан аймағындағы күрдтер референдум өткізуге қатысты бір пікір ұстанып отырған жоқ. Барзани бұл идеяны қорғап отыр",- деп баса айтты. Бұл пікір Барзанидің қазіргі жағдайда референдум өткізуде табандылық танытып, өзінің Ирактың Күрдістан аймағында билік еткен кезеңінде пайда болған саяси-экономикалық қиындықтарды шешуді көздеп отырғанынн көрсетеді. Барзанидің билігі аясында Ирактың Күрдістан аймағындағы саяси-экономикалық тәртіпсіздік өзінің шарықтау шегіне жетіп, тіпті жергілікті Парламент те таратылған болатын. Осы мәселеге байланысты саяси мәселелер жөніндегі сарапшы Сури Ирактың Күрдістан аймағындағы Масуд Барзанидің қиындықтары туралы былай деді: "Барзанидің әлі де жергілікті Парламент сайлауын өткізіп, оның жұмысын қайта бастауға шамасы келмейді. Ал аймақтық ойыншылар Ирактың Күрдістан аймағында референдум өткізуге кесімді түрде қарсы".

 

Тегтер