Йемен халқы Сауд Арабиясының қылмыстарына қарсы жаппай шеру ұйымдастырды
Там 24, 2017 22:22 Asia/Almaty
Йемен халқы бейсенбі күні Сауд Арабиясының басқыншылығына наразылық білдіріп, соғыс майдандарындағы өз жауынгерлеріне қолдау көрсету үшін Йемен астанасының көшелеріне шеруге шықты.
Сана тұрғындары мен астанаға келген Йеменнің басқа облыстарының халқы қаланың түрлі көшелері мен алаңдарында жиналып шеру ұйымдастырды. Шеруге қатысушылар Йеменнің туын қолдарына ұстап, АҚШ пен Сауд Арабиясының аймақтағы саясаттарына қарсы ұран айтты. Қазір саудиялық коалицияның қырғи ұшақтары Сана қаласының үстінде ұшып жүр. Йемендік әйелдер де шеруге қатысып, Арабстанның қылмыстарын айыптап, соғыс майдандарына жіберу үшін азық-түлік және қаржылай көмек керуенін дайындады.
Тегтер