ИИР лаңкестіктің көзін жоюда Ирак Үкіметін толық қолдайды
(last modified Mon, 04 Sep 2017 07:52:20 GMT )
Қыр 04, 2017 13:52 Asia/Almaty
  • ИИР лаңкестіктің көзін жоюда Ирак Үкіметін толық қолдайды

Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының төрағасы Ирак үкіметіне терроризмді жою мен Иракты қалпына келтіріп, дамытуда ислам респбуликасының толығымен қолдау көрсететінін қуаттады.

ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының төрағасы аятолла сейіт Махмуд Һашеми Шаһруди жексенбі күні Бағдадта Ирак премьер-министрі Хайдер әл-Абадимен кездесуінде: " "Иран Ислам Республикасы Ирактағы ДАИШ басып алған аймақтардың қалғанын азат ету мен осы ел халқының бірлікке қол жеткізудегі армандарын орындауға көмектесуді жалғастырады. Ирак әскері мен халықтық күштерінің лаңкестерге қарсы күрестегі үсті-үстіне жалғасқан жеңістері әлемдік қауымдастықты таңырқатып, Ирак дұшпандарын кез-келген мүмкіндіктен айырды",- деп мәлімдеді.

Ирак премьер-министрі аятолла Шаһрудимен бірге келген делегацияны қарсы алу кезінде Ирак халқының бірлігі мен ынтымағын барлық майдандардағы жеңістің сыры деп атап: "Бағдад үкіметі берік шешім, ерік-жігер, күш-қуат пен Ирак халқына иек арту мен солардың әлеуеттерінің арқасында ДАИШ-ке қарсы жеңіс жолында ілгері қадам басып келеді",- деді.

Әл-Абади сондай-ақ Иран мен Ирак арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды кеңейту қажеттігін қуаттап, лаңкестікке қарсы Теһранның Бағдадқа көрсетіп жатқан қолдауы үшін алғыс білдірді.

 

Тегтер