Фейсал әл-Меқдад: Америка ДАИШ-ты қолдайды
https://itolqyn.com/news/west_asia-i30659
Сирия Сыртқы істер министрінің орынбасары: «ДАИШ лаңкестік тобы Вашингтонның қолдауымен Сирияның қалаларын басып алды. АҚШ – Сирияның дұшпаны»,- деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қыр 11, 2017 21:50 Asia/Almaty
  • Фейсал әл-Меқдад: Америка ДАИШ-ты қолдайды

Сирия Сыртқы істер министрінің орынбасары: «ДАИШ лаңкестік тобы Вашингтонның қолдауымен Сирияның қалаларын басып алды. АҚШ – Сирияның дұшпаны»,- деді.

Фейсал әл-Меқдад жексенбі күні Ливанның «әл-Майадин» арнасына берген сұхбатта: «Америкалықтар лаңкестерді қолдап, Сирияның инфрақұрылымдарын қиратты.

Америкалықтар Сириядан өз аяқтарымен  шыққандары жөн. Әйтпесе, Дамаск оларға қарсы басқыншы дұшпандарға қарсы әрекет жасағандай шара қолданады»,- деп баса айтты. Фейсал Меқдад Дейр эз-Зор қақтығысына  тоқталып: «АҚШ-ның қолдауы ДАИШ лаңкестерінің Дейр эз-Зорға жетуіне себеп болды»,- деді.

Фейсал әл-Меқдад ИИР мен Ливанның Хизболласы мен Ресейге Сирияның лаңкестерге қарсы күресте қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.