Ирактың оңтүстігіндегі лаңкестік шабуылда 50 адам қаза болды
Ирактың Зиқар облысындағы кешегі лаңкестік шабуылда кемінде 50 адам қаза болып, ондаған адам жарақат алды.
ИРНА ақпарат арнасының мәліметі бойынша, бейсенбі күні лаңкестер Зиқар облысының орталығы Насрие қаласына жақын жердегі тексеріс аялдамасы мен «Фадақ» ресторанына шабуыл жасап, бомбамен жабдықталған бір көлікті жарып жіберді.
Зиқар облысының Денсаулық сақтау департаментінің бас директоры Джасем әл-Халеди бұл екі лаңкестік шабуыл салдарынан қаза тапқандардың санын 50 адам деп жариялады. Зиқар облысындағы лаңкестік шабуылда қаза болғандардың арасында үш ирандық зияратшы болды.
Ирактың оңтүстік-шығысындағы Зиқар облысындағы бейсенбі күнгі лаңкестік шабуылды ДАИШ лаңкестік тобы өз мойынына алды. Иран Сыртқы істер министрлігі бұл лаңкестік шабуылды айыптады.