Иран мен Түркия қарулы күштері бас штабының қолбасшылары телефон арқылы сөйлесті
https://itolqyn.com/news/west_asia-i30789-Иран_мен_Түркия_қарулы_күштері_бас_штабының_қолбасшылары_телефон_арқылы_сөйлесті
ИИР Қарулы күштері бас штабының қолбасшысы бейсенбі күні Түркия армиясы бас штабының қолбасшысы Хулуси Акармен телефон арқылы сөйлесіп, Ирактың Күрдістан аймағының бөлінуі туралы референдум өткізудің қатерлері, сондай-ақ Мьянманың қаналған мұсылмандарына гуманитарлық көмектерді арттыру қажеттігін қуаттады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қыр 15, 2017 16:45 Asia/Almaty
  • Иран мен Түркия қарулы күштері бас штабының  қолбасшылары телефон арқылы сөйлесті

ИИР Қарулы күштері бас штабының қолбасшысы бейсенбі күні Түркия армиясы бас штабының қолбасшысы Хулуси Акармен телефон арқылы сөйлесіп, Ирактың Күрдістан аймағының бөлінуі туралы референдум өткізудің қатерлері, сондай-ақ Мьянманың қаналған мұсылмандарына гуманитарлық көмектерді арттыру қажеттігін қуаттады.

«Фарс» ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, ИИР Қарулы күштері бас штабының қолбасшысы Мұхаммад Бақери мен генерал Хулуси Акармен телефон арқылы сөйлесіп, екіжақты қарым-қатынастар мен ынтымақтастықтарды қуаттап,  Ирактың Күрдістан аймағының бөлінуі туралы референдумның өткізілуін аймақтың қаупсіздігі, бейбітшілігі мен тұрақтылығы үшін қатерлі деп атады.

Иран Қарулы күштері бас штабының қолбасшысы мен Түркия армиясы бас штабының қолбасшысы Мьянма буддистерінің елдің  мұсылмандарына қарсы зорлық-зомбылықтарын айыптап: «Ислам елдері мен халықаралық қоғамдастық, әсіресе БҰҰ Мьянма мұсылмандарының қырылып-жойылуы мен  босқынға айналуының алдын алуға шынайы шешім қабылдауы қажет»,- деп баса айтты.