Йеменнің тарихи ескерткіші Израильге жеткізілді
https://itolqyn.com/news/west_asia-i3091
Сионистік режим Таураттың бір қолжазбасын Йеменнен Израильге жеткізді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 23, 2016 18:13 Asia/Almaty
  • Йеменнің тарихи ескерткіші Израильге жеткізілді

Сионистік режим Таураттың бір қолжазбасын Йеменнен Израильге жеткізді.

Al-Alam арнасының сейсенбі күнгі хабарлауы бойынша, сионистік режим АҚШ-тың үйлестіруі және үшінші елдің көмегімен іске асырған бір жасырын әрекетте Таураттың өте көне жазба нұсқасын басып алынған Палестина жеріне жеткізді.

Раввин Салман Дахари мен Йеменде тұрақтанған тағы 19 яһуди Йеменнің тарихи ескерткіші саналатын 500-600 жыл тарихы бар Таураттың көне жазба нұсқасын сионистік режимнің үйлестіруімен басып алынған Палестина жеріне жеткізді.