Ирак пен Иран және Түркияның Сыртқы Істер Министрлері Күрдістан аймағындағы бөлінуге қарсы
Иран мен Ирак және Түркия СІМ-лері Нью-Йоркте ортақ мәлімдеме жариялап, Ирактың аумақтық тұтастығы мен саяси бірлігін қуаттап, осы елдің Күрдістан аймағының бөліну туралы референдум өткізуіне өздерінің үзілді-кесілді қарсылықтарын жариялады.
Иран СІМ Мохаммад Джавад Зариф пен Түркия СІМ Мевлюд Чавушоғлу және Ирак СІМ Ибраһим Джафари ортақ мәлімдемеде: «Ирактың Күрдістан аймағында референдум өткізу туралы жоба Ирактың ДАИШ лаңкестік тобымен күрестегі барлық жетістіктерін қатерге тіреп, аймақта жаңа түйткілдің қалыптасуына себеп болады. Оны ауыздықтау оңайға соқпайды» деп мәлімдеді.
Аталмыш үш елдің СІМ-лері Ирактың Күрдістан аймағында референдум өткізуге қарсылық білдіру мен Күрдістан аймағы басшыларынан осы істі жүзеге асырудан бой тартуды сұрауда үйлесімді шара қабылдау қажеттігіне келісіп: «Референдум күрдтер мен Ирактың Күрдістан аймағының жергілікті басшылығының мүддесіне сай болмайды» деп қуаттады.
Иран мен Ирак және Түркияның СІМ-лері сонымен қатар Ирактың Конституциясы аясындағы сындарлы келіссөздерді Бағдад пен Эрбиль арасындағы мәселелерді шешетін жалғыз шешім жол деп атады.