Рухани мен Ердоған Ирактың Күрдістан аймағында рефендум өткізуге қарсы
ИИР мен Түркия Президенттері Ирактың Күрдістан аймағында референдум өткізу жөніндегі телефон арқылы сұхбатта Ирак жерінің тұтастығы мен халқының бірлігіне ешқандай сызат түспеуі қажеттігін қуаттады.
ИИР-ның Президенті Хасан Рухани жексенбі күні түнде Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сұхбатта екі елдің қарым-қатынастарына ризалық білдіріп: "ИИР үшін Ирак жерінің тұтастығы мен ұлттық бірлігінің сақталуы мен аймақтың қауіпсіздігі өте маңызды. Аймақтың тұрақтылығы мен қауіпсіздігін бұзушыларға нақты ескерту жасау керек",-деді.
Рухани Иран мен Түркияның Ирактың Күрдістан аймағында референдум өткізу жөніндегі ұстанымдарының толығымен үндес екендігін баяндап: "Осы мәселе бойынша аймақ елдерінің үндестігі мен серіктестігі маңызды әрі әсерлі болады. Аймақ елдерінің аймақта жаңа тұрақсыздықтың қалыптасуына жол бермейтіндігі шәксіз",-деп баса айтты.
Түркия Президенті де елінің Ирактағы тұрақсыздықпен күресте Түркияның ұлттық қауіпсіздік кеңесін құрғанын, сонымен қатар Ирактың Күрдістан аймағындағы референдум өткізу жөнінде бір шешімге келу үшін төтенше отырыс өткізгенін және тағы да басқа ауқымды іс-шараларды жоспарлағанын мәлімдеді.