Ирак әлем елдерінен Эрбильмен мұнай саласында байланыстарын тоқтатуды сұрады
Қыр 25, 2017 14:30 Asia/Almaty
Ирак үкіметі жексенбі күні түнде шет елдерден Ирактың Күрдістан аймағының бөлінуі жөніндегі референдум өткізу мәселесіндегі қайшылықтарға байланысты осы аймақпен мұнай саласындағы байланыстарын үзуді сұрады.
Reuters ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Бағдад үкіметі сонымен қатар Ирактың Күрдістан аймағының басшыларынан референдум өткізу мәселесіндегі қайшылықтарға байланысты шекаралық тексеру нысандары мен әуежайларды Бағдадтағы Ирактың орталық үкіметіне тапсыруды сұраған.
Ирак үкіметінің Премьер-министрі Хейдар әл-Абадидің басшылығымен өткен елдің ұлттық қауіпсіздік кеңесінің отырысынан кейін жарияланған Ирак үкіметінің мәлімдемесінде шекаралық өткелдердің Федералды үкіметке тиесілі екендігі, сондай-ақ Конституция бойынша мұнай көздерінің де Ирак халқына тиесілі екендігі қуатталды.
Хейдар әл-Абади баспасөз конференциясында ел халқымен сұхбатта: "Біржақты референдум өткізу елдің Конституциясын бұзу саналады. Үкімет Ирактың бірлігін қолдау жолында әрекет етеді. Ирак Күрдістан аймағындағы референдумды ресми мойындамайды және оған төзе алмайды» деді.
Сондай-ақ әл-Абади Ирак халқынан Күрдістан басшыларының жылдар бойы сатқан мұнай қаражаттарын қайда жұмсағандарын қарастыруды сұрап: "Күрдістан аймағында Ирак мұнайының 4/1 бөлігінің орналасқанына қарамастан, Күрдістан басшылары жұмысшыларға айлық төлемеген. Күрдістандағы халықтың дүниесі кейбір адамдар мен басшыларға тиесілі болмауы қажет",-деді.