Зариф Маскатта Оман Сыртқы Істер Министрімен кездесті
ИИР-ның Сыртқы Істер Министрі Маскатта Оман Сыртқы Істер Министрімен кездесті. Тараптар кездесуде екі жақты және аймақ мәселелері жөнінде сөйлесті.
Иран Сыртқы Істер Министрі Мохаммад Джавад Зариф өзінің аймақтық сапары аясында бүгін дүйсенбі күні Оманның астанасы Маскатқа келіп, осы елдің Сыртқы Істер Министрі Юсеф Бен Алавимен кездесіп, сұхбаттасты.
Зариф Оман Сыртқы Істер Министрімен кездесумен қатар осы елдің басқа да жоғары деңгейлі басшыларымен кездесіп, екі жақты мәселелер мен аймақ және халықаралық өзгерістер туралы кеңеседі деп жоспарланған.
Иран СІМ өзінің аймақтық сапарының жалғасында Оман басшыларымен кездесуден кейін бір күндік сапармен Катарға барып, сол елдің басшыларымен да екі жақты және аймақтық қарым-қатынастар туралы сұхбаттасады.