Ирактың әл-Хавидже ауданы толық азат етілді
https://itolqyn.com/news/west_asia-i31391-Ирактың_әл_Хавидже_ауданы_толық_азат_етілді
Ирактың халықтық ерікті күштерінің қолбасшысы сәрсенбі күні Киркук облысындағы әл-Хавидже ауданының ДАИШ лаңкестік тобының қолынан толық азат етілгенін хабарлады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қаз 05, 2017 17:13 Asia/Almaty
  • Ирактың әл-Хавидже ауданы толық азат етілді

Ирактың халықтық ерікті күштерінің қолбасшысы сәрсенбі күні Киркук облысындағы әл-Хавидже ауданының ДАИШ лаңкестік тобының қолынан толық азат етілгенін хабарлады.

"Al-Alam" телеарнасының хабарлауы бойынша, Ирактың халықтық ерікті күштері ДАИШ лаңкестік тобының әл-Хавидже ауданындағы ең соңғы базасын өз қолдарына алып, бірнеше тараптан ауданды толық тазартумен айналысып жатыр.

"Хашд аш-Шааби" күштері сәрсенбі күні таңертең әл-Хавидже ауданының орталығын азат ету үшін ауқымды амалдарды бастады.

Ирак күштері әл-Хавидже ауданын азат ету амалдарының бірінші кезеңінде бірнеше ауыл мен округты ДАИШ лаңкестерінің қолынан азат етіп, оларға ауыр шығын келтірді.

ДАИШ лаңкестік тобының Ирактың солтүстігіндегі соңғы базасы болған Әл-Хавидже ауданын азат ету амалдары 2017 жылдың 21 қыркүйегінде Ирак армиясы мен "Хашд аш-Шааби" халықтық ерікті күштерінің қатысуымен басталды.