Иранның Орталық банкінің басшысы Түркияға сапар шекті
Қаз 09, 2017 22:22 Asia/Almaty
ИИР-ның Орталық банкінің басшысы Валиулла Сейф дүйсенбі күні Түркияның банк саласының басшыларымен кездесіп, пікір алмасу үшін Анкараға келді.
Осы сапар барысында Валиулла Сейф Иран мен Түркияның ұлттық валюталарымен қаржылай және валюталық операциялар жасау үшін қажет механизмдерді реттеу туралы Түркия басшыларымен келіссөздер өткізеді. Сонымен қатар екі елдің Орталық банктерінің басшылары Иран мен Түркия банктері арасындағы ынтымақтастық келісімдеріне де қол қояды. Бұл сапар өткен аптадағы Иран мен Түркия Республикалары Президенттерінің екі елдің банктік ынтымақтастықтарын жеңілдету үшін жасаған келісімінен кейін жүзеге асты.
Тегтер