Иранның Орталық банкінің басшысы Түркияға сапар шекті
https://itolqyn.com/news/west_asia-i31539-Иранның_Орталық_банкінің_басшысы_Түркияға_сапар_шекті
ИИР-ның Орталық банкінің басшысы Валиулла Сейф дүйсенбі күні Түркияның банк саласының басшыларымен кездесіп, пікір алмасу үшін Анкараға келді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаз 09, 2017 22:22 Asia/Almaty
  • Иранның Орталық банкінің басшысы Түркияға сапар шекті

ИИР-ның Орталық банкінің басшысы Валиулла Сейф дүйсенбі күні Түркияның банк саласының басшыларымен кездесіп, пікір алмасу үшін Анкараға келді.

Осы сапар барысында Валиулла Сейф Иран мен Түркияның ұлттық валюталарымен қаржылай және валюталық операциялар жасау үшін қажет механизмдерді реттеу туралы Түркия басшыларымен келіссөздер өткізеді. Сонымен қатар екі елдің Орталық банктерінің басшылары Иран мен Түркия банктері арасындағы ынтымақтастық  келісімдеріне де  қол қояды. Бұл сапар өткен аптадағы Иран мен Түркия Республикалары Президенттерінің екі елдің банктік ынтымақтастықтарын жеңілдету үшін жасаған келісімінен кейін жүзеге асты.