Сириядағы лаңкестер америкалық және израильдік қару-жарақтарды пайдалануда
https://itolqyn.com/news/west_asia-i31577-Сириядағы_лаңкестер_америкалық_және_израильдік_қару_жарақтарды_пайдалануда
Сирияның Қорғаныс министрлігі сионистік режим мен АҚШ-ты Сириядағы лаңкестік топтарды қолдап, оларды қару-жарақ және оқ-дәрілермен қамтамасыз етеді деп айыптады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаз 11, 2017 08:06 Asia/Almaty
  • Сириядағы лаңкестер америкалық және израильдік қару-жарақтарды пайдалануда

Сирияның Қорғаныс министрлігі сионистік режим мен АҚШ-ты Сириядағы лаңкестік топтарды қолдап, оларды қару-жарақ және оқ-дәрілермен қамтамасыз етеді деп айыптады.

Иран Телерадио бірлестігінің ақпарат агенттігінің сейсенбі күнгі хабарлауы бойынша Сирияның Қорғаныс министрлігі өз мәлімдемесінде ел басшыларының Батыс елдерінде жасалған көп көлемдегі қару-жарақ пен оқ-дәріні ДАИШ лаңкестерінің бекіністері мен Сирияның әртүрлі аймақтарынан анықтап, тәркіледі.

ДАИШ пен әл-Қаида Сирия мен Ирактағы басып алған жерлеріндегі мұнай кеніштерінен алған мұнайды Батыс елдеріне сатып, орнына зымыран, қару-жарақ, тіпті танк алады",-деп мәлімдеді.

Сирияның Қорғаныс министрлігінің хабарлауы бойынша Батыс елдерінің қару-жарақтары АҚШ-тың Германиядағы Рамштейн әскери базасының байланысымен Шығыс Еуропадағы компаниялардың әртүрлі каналдары арқылы Сирияға енгізіледі.