Сирияның Ракка қаласы ДАИШ басқыншылығынан толығымен азат етілді
Лондон қаласында орналасқан Сирияның қарсылас тобына қарасты Сириядағы адам құқығын бақылаушы тобы Ракка облысының орталығы Ракка қаласы мен Сириядағы ДАИШ-тың негізгі әскери базасының толығымен сириялық күрдтердің бақылауына көшкенін растады.
«Фарс» ақпарат агенттігінің хабарлауынша Сириядағы адам құқығын бақылаушы тобы Ракка қаласының сейсенбі күні ДАИШ басқыншыларынан толығымен азат етілгенін хабарлады.
Ракка қаласындағы спорт кешендері мен ауруханаларды азат ету амалдары да сейсенбі күні таңертең жүзеге асырылды. Осы әрекеттер арқылы Сирияда өзін-өзі жариялаған ДАИШ халифатының орталығы ретінде танымал болған Ракка қаласы ДАИШ тәкфіршілдерінің ластықтарынан тазартылды.
Меһр ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Сирия әскері мен қарсыласу күштері Дэйр эз-Зоур қаласындағы Бур Саид көшесіне кіріп, әр-Расафе мен әл-Амал аудандарын ДАИШ лаңкестерінің тазалау амалдарын бастады.