Иран мен Сирия әскери ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды
ИИР Қарулы күштері бас штабының басшысы мен Сирия Әскері бас штабының басшысы екі ел арасындағы әскери ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі меморандумға қол қойды.
Al Alam арнасының жұма күні кешке хабарлауы бойынша, ынтымақтастық жөніндегі меморандумға Иран Қарулы күштері бас штабының қолбасшысы бригада генералы Мұхаммад Бағери мен Сирия Әскері бас штабының басшысы генерал-лейтенант Али Айюбтың Дамасктегі кездесуінің соңында қол қойылды.
Бұл меморандум білім беру, әскери салада ақпарат және тәжірибе алмасу, технологияны тасымалдау, лаңкестікпен күресу және аймақ қауіпсіздігі мен тұрақтылығын күшейту салаларындағы ынтымақтастықтарды кеңейтуді қамтиды.
ИИР Қарулы күштері бас штабының басшысы сейсенбі күні Иран мен Сирияның қорғаныстық-әскери ынтымақтастықтарын ілгерілету және екі елдің лаңкестікпен күрес бойынша әріптестіктерін жалғастыру мақсатымен әскери делегацияны бастап, Сирияның астанасы Дамаскке барған болатын.