Йеменде тырысқақ ауруына шалдыққандардың саны артты
https://itolqyn.com/news/west_asia-i31867
Йеменнің Денсаулық сақтау және тұрғын үй министрлігі елдегі тырысқақ ауруына ұшыраған адам санының 800 000-нан асып, осы ауру салдарынан кемінде 2000 адамның қайтыс болғанын хабарлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаз 22, 2017 08:45 Asia/Almaty
  • Йеменде тырысқақ ауруына шалдыққандардың саны артты

Йеменнің Денсаулық сақтау және тұрғын үй министрлігі елдегі тырысқақ ауруына ұшыраған адам санының 800 000-нан асып, осы ауру салдарынан кемінде 2000 адамның қайтыс болғанын хабарлады.

Йеменнің Денсаулық сақтау және тұрғын үй министрлігі елдің ұдайы қоршауда болуы салдарынан 14 000-нан астам науқастың қайтыс болғанын мәлімдеп: "Басқыншылар Йеменге жіберілетін дәрі-дәрмектерді бірнеше айдан бері Джибутиде тексеру үшін кідіртеді. Бұл іс дәрілердің бұзылуына себеп болады",-деді. Йеменнің Денсаулық сақтау және тұрғын үй министрлігінің мәліметтері бойынша Йеменге жасалып жатқан әскери басқыншылықтың денсаулық сақтау саласына тигізген шығына 8 млрд риалдан асқан.